Узбекистан временно закрывает крупный КПП на границе с Казахстаном

Жұмысшы мамандықтар жылы: дуальды білім беру мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері

22 Jan, 10:06
2 mins read
770
Жұмысшы мамандықтар жылы: дуальды білім беру мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері
РПП области Жетісу

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, бұл шешім білім беру жүйесін дамыту мен кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл бастаманы жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі — бизнес пен колледждер арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, әсіресе дуальды білім беру картасы аясында. Бұл бағытта Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы да белсенді түрде өз үлесін қосып жатқанын атап өту маңызды.

Қазіргі таңда дуальды оқытуға өңірдегі 336 кәсіпорын қатысуда, бұл шамамен 3,5 мың студентті қамтиды. Бұл ынтымақтастық 14 колледжді және 18 сала, 35 мамандық және 55 біліктілікті қамтиды. Мұндай бастамалардың арқасында студенттер тек теориялық пәндермен ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындарда нақты жағдайларда жұмыс істей отырып, тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады.

«2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әр жылы өңір кәсіпорындарының кадрларға деген сұранысын анықтау мақсатында Еңбек.kz платформасында мониторинг жүргізіп келеді. Бұл мониторинг еңбек нарығының нақты сұраныстарын анықтауға және техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, білім беру ұйымдары мен оқу орталықтары өз бағдарламаларын кәсіпорындардың қазіргі талаптарына бейімдей алады, бұл мамандарды даярлау сапасын жақсартуға ықпал етеді», — деп атап өтті Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Арнайы қысқа мерзімді оқытуға үлкен назар аударылады. «Атамекен» ҰКП кәсіби даярлық бойынша оқу орталықтарының Тізілімін қалыптастыруды жалғастыруда. Бүгінгі таңда Тізілімге 63 мамандық бойынша білім беретін 34 оқу орталығы енгізілген. Бұл тек жастарға ғана емес, сондай-ақ жұмысшы мамандыққа ие адамдарға да жаңа дағдыларды жылдам меңгеріп, еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілетін іс-шаралар білім беру жүйесін дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосады. Кәсіпорындар мен колледждер арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіру, оқытушылардың өндірісте тәжірибеден өтуі, жастармен кәсіптік бағдарлау жұмыстары және жұмысшы мамандықтарды заманауи байланыс құралдары арқылы насихаттау — осының бәрі бизнестің және білім беру жүйесінің байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Бизнестің және оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасудың, тәлімгерлер даярлаудың және өндірістен мамандарды техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге тартудың маңызы зор. Бұл шаралар техникалық және кәсіптік білім берудің тұрақты дамуына берік негіз қалыптастырады. Осылайша, жастар нақты жұмыс тәжірибесіне қол жеткізіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктерін айтарлықтай арттырады.

Кәсіпкерлер палатасы мен білім беру ұйымдары жоғары білікті жұмысшы кадрларын даярлау және экономика салаларының дамуына ықпал ететін мықты және тұрақты жүйені құру мақсатында бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруда.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
03 February
02 February
01 February
31 January