Из Ближнего Востока вывезено 3500 человек

І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНІДІРІЛДІ

15 Feb 2023, 11:43
1 mins read
1334
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНІДІРІЛДІ

Кездесуде басқарма басшысы студенттерге мемлекеттік қызметтің рөлі, мемлекеттік қызмет саласына өтудің негізгі кезеңдері, одан әрі мансаптық ілгерілеу мүмкіндіктері туралы көрнекі түрде айтып берді, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, соның ішінде мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік бітірген түлектер 1 жыл ішінде облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа облыстың аудан, қалалары мен ауыл, кенттердегі мемлекеттік органдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз орналаса алатынын түсіндірді. 
Іс-шара соңында С. Тарақов жақын арада мемлекеттік қызметшілердің қатары өз әлеуетін іске асыруға және еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосуға ұмтылатын талантты және бастамашыл жастармен толықтырылатынына үміт білдірді.
Қатысушылар арасында белсенді диалог болып, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 September
05 September
04 September