Беларусь официально стала членом ШОС

Ақтөбе облысының газ мамандары алдағы жылыту маусымына дайындықты аяқтап келеді

Ақтөбе облысының газ мамандары алдағы жылыту маусымына дайындықты аяқтап келеді
КТГА

Ақтөбе облысында 2021-2026 жылдарға арналған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында болат газ құбырларын полиэтилен құбырларға ауыстыру, ескірген газ реттеу пункттерін (ГРП) блокты ГРП-ға алмастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Осы жұмыстардың орындалу барысымен және алдағы жылыту маусымына дайындықты тексерген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары Сәлім Нағым Ақтөбе өндірістік филиалының газ шаруашылықтарын аралады. Айта кету керек, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық өткен жылыту маусымы аяқтала сала, наурыз айында басталды, бұл жұмыстар «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ерекше бақылауында.

«Қазіргі таңда ауыстырылып жатқан газ құбыры 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Бұл Ақтөбе қаласын газбен қамтамасыз етіп отырған негізгі газ құбырларының бірі, ол «Мәскеу» және «Құрмыш» аудандарын, сондай-ақ жаңадан салынған «Батыс» шағын ауданын газбен қамтамасыз етеді. Сараптамалық қорытындыға сәйкес, бұл газ құбыры металл коррозиясына ұшырап, ұзақ пайдалану мерзіміне байланысты тозған. Сондықтан бұл құбырды ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп түсіндірді бас директордың орынбасары Сәлім Жаңабайұлы.

С.Нағым атап өткендей, мұндай нысандарды тексеру еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда еліміздегі газ шаруашылықтарының жылыту маусымына дайындығы 87% -ды құрайды.

Табиғи газ өркениет пен жайлылық сыйлайды, ол - өмір сүру деңгейі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту белгілерінің бірі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясының міндеті - халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету ғана емес, тұтынушыларды табиғи газды пайдалануда сақтық шараларын сақтауға шақыру.

Үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, газдан ажырату автоматикасы бар дабыл қаққыш қондырғыларды орнату қауіпсіздік кепілі болып табылады. Бұл қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі, - деп ескертеді газ мамандары.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
24 мамыр
23 мамыр
22 мамыр