

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен жұмысын жалғастыруда.
Қор мен «Kaspi Bank» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде енді Kaspi.kz пайдаланушылары сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде өткізіп алған барлық жарналарды бір төлеммен төлей алады. Қызмет ағымдағы айдан бастап төлеу қажет кезеңдерді автоматты түрде анықтап, қалыптастырады.
Бұған дейін дербес төлеушілер 12 айға алдын ала жарна төлеген кезде әр айдың деректерін бөлек енгізуге мәжбүр еді. Соның салдарынан кезеңдерді көрсету кезінде қателіктер жиі орын алды. Енді мұны бір төлеммен жүзеге асыруға болады.
Бұл шешім пайдаланушыларға МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізу үшін жарналарды жылдам әрі дұрыс төлеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қызмет төлеушінің типін автоматты түрде анықтап, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшерін дұрыс есептейді.
Kaspi.kz қосымшасында мәртебені тексеру және жарналарды төлеу қызметі келесі бөлімде қолжетімді: Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/ YouTube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz Telegram-канал – https://t.me/medsaqtandyru Facebook – https://www.facebook.com/msqory/ Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/