Казахстанцев ограничили в доступе к военному музею в Германии

ҚазТрансГаз Аймақ бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

26 Dec 2022, 09:55
1 mins read
2352
ҚазТрансГаз Аймақ бірыңғай байланыс орталығын іске қосты
КТГА

Алматы. 26 желтоқсан. NewsHub - Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ операторларына жүктемені азайтады. ББО арқылы тұтынушы сұрағына жедел жауап беру, тиісті маманмен тез байланыстыру, WhatsApp пен Telegram желілеріне хабарлама қалдыру мүмкіндіктері жолға қойылды.

Сіз бірыңғай байланыс орталығына 8-800-004-01-01 бірыңғай нөмірі арқылы, сондай-ақ WhatsApp және Telegram арқылы 8-777-121-26-26 нөмірімен хабарласа аласыз.

Кіріс қоңыраулары арқылы тұтынушының мәселесін шешу үшін өтінімдер тіркеледі. Тұтынушыны қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріледі. Келіп түскен хабарламалар мен қоңыраулар бірыңғай байланыс орталығында есепке алынып, талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, автоматты интерактивті өзара әрекеттесу жүйесін (IVR) пайдалану – уақытты үнемдеуге және компанияның басқа бөлімдерімен жедел өзара байланысуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек Компания сайтында «тұтынушының жеке кабинеті» модулі жұмыс істеп тұр.

Жеке кабинетте пайдаланушы "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн режимде өтінім беріп, газдандыруға қажетті техникалық шарттарды ала алады. Сонымен қатар, абонент сәтті/сәтсіз берілген өтінім туралы хабарлама алады, газдандыру калькуляторын қолдана алады, есептеу құралын, үй ішіндегі газ жабдығы шартын тексеру мәртебесімен таныса алады, тұтыну, төлемдер мен есептеулер тарихын көре алады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
18 April
17 April
16 April