Встречайте Наурыз с телеканалом «Хабар»!

Келінжаннан ұят болмасын: «Хабар» телеарнасы жаңа мюзикл ұсынады

06 Mar, 16:42
2 mins read
978
Келінжаннан ұят болмасын: «Хабар» телеарнасы жаңа мюзикл ұсынады

Биыл «Хабар» телеарнасы Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтеді. Телеарнаның мерекелік кестесі тың жобалар мен тұсаукесерлерге толы. Көктемнің басты мерекесіне орай «Келінжаннан ұят болмасын!» мюзиклі көрерменге жол тартады. Бұл – 2000 жылдардың басында «Хабарда» эфирге шыққан «Ұят болмасын» бағдарламасы мен одан жиырма жылдан соң қалың көпшіліктің риясыз махаббатына бөленген «Келінжан» сериалының ерекше коллаборациясы.  

Көрермен көзайымына айналған екі жобаның арасы ширек ғасырға жуық уақыт болғанмен, екеуін өзара біріктіретін параллель табуға болады. Екі жоба да ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Кейіпкерлердің көрермендерге жақын болғаны соншалық, адамдар олармен бірге уайымдап, күліп, қуанып та мұңайып, олардың оқиғаларын жан-жүрегімен жылы қабылдады. 

Енді сан мың көрерменнің сүйіктікейіпкерлерімен кездесудің уақыты келді. 

«Ұят болмасын»: Бекжан Тұрыс, Мағжан Тұрыс, Жалғас Толғанбай, Айгүл Иманбаева.

«Келінжан»: Назар Шархан, Нұргүл Мыңғатова. 

Сондай-ақ Жанатбек Байтеков, Мөлдір Мұқанова және құпия болған жаңа тұлға! 

Жобаға танымал әртістер, өнер және спорт қайраткерлері қатысады. Олардың қатарында: Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова, Секен Тұрысбек, Әлішер Кәрімов, Саят Медеуов, Ақтоты Болышова, Құрмаш Махан, Нұрлан Еспанов, Еркін Нұржанов, Ұланғасыр Қамиев, Ұлан Мықтыбек, Мұхтар Ниязов, Бейбіт Ыстыбаев, Бақтыбай Шырынқұлов, Дәулет Айтан, Темірхан Айтбаев және тағы басқалар.  

Түсірілім жұмыстары Түркістан қаласында өтіп жатыр. Жоба ұлттық мәдениеттің барлық аспектілерін, соның ішінде ән, би, айтыс, спорттық жарыстар мен әдет-ғұрыптарды қамтиды. 

Жыл басы болып саналатын Наурыз –түркі елдеріне ортақ мейрам. Жоба аясында еліміздегі өзге этностардың Наурыз мейрамын тойлау ерекшеліктерімен танысуға да мүмкіндік болады.

Сондықтан 22 наурыз күні сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «Келінжаннан ұят болмасын» мерекелік жобасының тұсаукесерін тамашалаңыздар!

Экономика, саясат және мәдениет саласындағы соңғы жаңалықтар біздің Telegram каналымызда және Android пен iOS жүйесіндегі мобильді қосымшаларында.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

01 May
30 April