Казахстан и Узбекистан реализуют совместные проекты в сфере АПК

Клиникалық өлімдегі науқасты құтқарды

4 hours ago
1 mins read
51
Клиникалық өлімдегі науқасты құтқарды
МӘМС

«Асиямед» клиникасына жедел миокард инфарктісі диагнозымен ауыр жағдайда науқас жеткізілді. Түскен сәтінде пациент клиникалық өлім жағдайында болды. Реанимациялық шаралар шұғыл түрде жүргізіліп, нәтижесінде жүрек соғысы қалпына келтірілді.

Науқасқа шұғыл түрде коронарография жасалып, жүрек тамыры ашылып, стент орнатылды. Бұл іс-шаралар МӘМС есебінен жасалды. Ота барысында және одан кейін бірнеше рет жүрек тоқтауы тіркелгенімен, медициналық персоналдың жедел әрекетінің арқасында науқастың өмірі сақталып қалды.

Пациент шамамен он күн бойы жансақтау бөлімінде бақылауда болып, жағдайы тұрақталғаннан кейін жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы, ол дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
12 May
11 May