«Нерушимое братство-2021»: казахстанские военнослужащие участвуют в миротворческих учениях

Көксу ауданында оқу орталығы ашылды

10 Nov 2022, 14:08
1 mins read
760
Көксу ауданында оқу орталығы ашылды

Жетісу өңірінің Көксу ауданында кәсіпкер Айсұлу Бұлқарова «Атамекен Жетісу» МҚҰ ЖШС арқылы 7 миллион теңге несие алып, макияж, шаштараз, косметология және тырнақ жасау дағдыларын оқытатын оқу орталығын ашты.

Оқу орталығында шеберлерді кәсіби даярлау, шеберлік сыныптары, семинарлар және барлық бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі. Оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа тұруға кепілдік беріледі. Орталықта айына орта есеппен 30 студент білім алады. Көрсетілетін қызмет түрлерінің сұранысы жыл санап артып келетіндіктен Айсұлу Мақсұтқызы болашақта оқу орталығын кеңейтуді жоспарлауда.

Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың айтуынша биылғы жылдың басынан бері өңірде «Атамекен Жетісу» МҚҰ арқылы 178 кәсіпкер жеңілдетілген несие алған.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

24 April
23 April