Более 4,5 тысяч фактов браконьерства выявлено в Казахстане с начала года

Жетісудың құқық қорғаушылары синтетика өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды

16 Apr, 19:19
1 mins read
250
Жетісудың құқық қорғаушылары синтетика өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды
ДП области Жетісу

Өңір полициясы мен Жетісу облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі есірткі лабораториясын жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарымен Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы саяжай үйінде синтетикалық есірткіні өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық аруды ұстады. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 кг мефедрон және 2 кг «пирролидиновалерофенон - @PvP» синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажетті реактивтер мен құралдар, сондай-ақ 28 000 АҚШ доллары табылып тәркіленді.

– Құқық қорғау қызметкерлері 45 кг астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл бір рет қолданатын 90 000 дозаға тең. Оның құрамы тиісті сараптамамен расталды. Есірткі заттарын заңсыз жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – деп түйіндеді С. Құсаинов.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі Қазақстан аумағында сатуға арналған.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
30 April
29 April