

Белгілі журналист, медиаменеджер Мәди Манатбекұлы Stan.kz ақпарат агенттігінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Журналистік жолын «Нартәуекел» газетінен бастаған ол, кейін «Шымкент келбеті» газетінде және «Отырар» телеарнасында тележүргізуші, автор-редактор, продюсер ретінде жалғастырды.
2001–2008 жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар, спорт және сараптамалық бағдарламаларды жүргізіп,
«31 арнада» тілші болды.
2008-2010 жылдары «Хабар» агенттігінде жаңалықтар жүргізушісі,
2010–2013 жылдары «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2013–2021 жылдары «BAQORDA Media Group»,«Қазақ радиолары», «Отандастар қоры»,
«Астана радиосы» ұйымдарында басшылық қызметтерде еңбек етті.
2021 жылы Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасын басқарды.
2024 жылы Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының идеология жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
Медиа және идеология саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан әріптесімізге жаңа қызметінде табыс тілейміз!