NewsHub.kz - Информационный хаб

МӘМС аясында жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасалды

06 Apr, 05:11
1 mins read
133
МӘМС аясында жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасалды
МӘМС

Диафрагмалық жарық – балалар хирургиясындағы ең күрделі және өмірге қауіп төндіретін патологиялардың бірі. Бұл жағдай диафрагманың даму ақауымен сипатталып, іш қуысы мүшелерінің кеуде қуысына ығысуына әкеледі. Нәтижесінде тыныс алу мен ішкі ағзалардың қызметі бұзылады.

Аталған патология туа біткен немесе жүре пайда болуы мүмкін және дер кезінде диагностика мен шұғыл емдеуді талап етеді. Заманауи медицина жетістіктеріне қарамастан, туа біткен диафрагмалық жарығы бар нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 50%-дан аспайды.

Облыстық балалар ауруханасына өмірінің алғашқы тәулігінде №1 облыстық перинаталдық орталықтан жаңа туған нәресте жедел түрде жеткізілді. Нәрестеге диафрагмалық жарық диагнозы қойылып, мультидисциплинарлық консилиум өткізілді.

Дәрігерлердің бірлескен шешімімен балаға шұғыл түрде заманауи, аз инвазивті торакоскопиялық операция жасалды. Бұл әдіс жарақатты азайтып, операциядан кейінгі қалпына келу кезеңін жеделдетуге және жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ота барысында ішкі ағзалар қалыпты анатомиялық орнына келтіріліп, диафрагмадағы ақау жабылды.

Қазіргі таңда нәресте операциядан кейінгі кезеңді сәтті өткеруде. Жағдайының жақсаруына байланысты 12-тәулікте жан сақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.

Айта кету керек, мұндай жоғары технологиялық медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетіледі.

Бұл – өңір дәрігерлерінің кәсіби шеберлігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
06 April
05 April
04 April
03 April