Press releases

МӘМС аясында жасалған ота – кішкентай науқастың өмірін құтқарды

11 Aug, 07:23
1 mins read
753
МӘМС аясында жасалған ота – кішкентай науқастың өмірін құтқарды
МӘМС

Сарыағаш аудандық орталық аурухананың жарақат бекетіне 2 жасар бала ауыр жағдайда жеткізілді. Алдын ала тексеру барысында науқастың бас-сүйегінің ішке кіріп сынғаны анықталды. Бұл – өмірге қауіпті жарақат түрлерінің бірі.

Дәрігер-нейрохирург Байбек Бекмырзаұлының қатысуымен шұғыл түрде ота жасалып, бас-сүйек қалпына келтірілді. Операция жоғары деңгейде өтіп, баланың өмірі сақталып қалды.

– «Бала өте ауыр жағдайда түсті. Ең бастысы – уақытты жоғалтпай, жедел көмек көрсету болды. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, есі анық, жақсару үстінде», – деді нейрохирург Байбек Бекмырзаұлы.

Отадан кейін бала жарақат бөлімінде ем қабылдады. Жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылды.

Айта кетейік, бұл операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді.

Балалар нейрохирургиясы – аса күрделі медициналық сала. Мұндай көмекті көрсету үшін жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдық қажет. Сарыағаш ауданында осы бағыттың дамуы өңір тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

22 August