Лыжно-биатлонный комплекс построят в области Жетiсу

МӘМС: Ауыл тұрғынына тіліксіз ота жасалды

19 Apr, 15:29
1 mins read
361
МӘМС: Ауыл тұрғынына тіліксіз ота жасалды
МӘМС

Шардара орталық ауруханасында 1994 жылғы науқасқа заманауи медициналық техниканың көмегімен лапароскопиялық ота жасалды. МӘМС жүйесінде сақтандырылған науқас ауруханаға оң жақ аналық безінің кистасы диагнозымен жүгінген болатын. Отаны аудандық аурухананың білікті акушер-гинеколог дәрігерлері сәтті аяқтап, науқасқа қажетті ем-шараларды көрсетті.

Айта кетерлігі, ауруханада 10 төсек-орын гинекологиялық бейінде жабдықталған. Айына 20 науқасқа ота жасауға мүмкіндік бар.Аудан тұрғындарына көрсеткіш түрлеріне қарай МӘМС жүйесі аясында ақысыз қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, науқастар облыс орталығына бармай-ақ аудандық ауруханадан жатыр миомасы, ⁠аналық без кистасы, жатыр түтігін байлау, МСГ (метросальпигография) жатыр түтігін тексеру ұзақ уакыт бала көтере алмаған науқастарға арналған қызмет, қынапқа пластикалық оталар, жатыр мойыны жарасын анықтау, емдеу, эрозияны күйдіру, бедеулік себебін анықтау қызметтерін толығымен алуына болады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

01 May
30 April