На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели в области Абай

МӘМС есебінен ем алған науқастар қалаға сабылмайтын болды

18 Apr, 22:13
2 mins read
233
МӘМС есебінен ем алған науқастар  қалаға сабылмайтын болды
МӘМС

Осыдан бірнеше жылдар бұрын Созақ аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінде 8 травмотологиялық төсек-орын болатын. Травмотологиялық төсек орынға арнайы медициналық құрал жабдықтардың жетіспеушілігіне және  ескіруіне науқастарға алғашқы көмек көрсетілген соң, жараққатың ауыр-жеңілдігіне байланысты Шымкент, Түркістан қалаларына жолданатын.

Осы  жағдайды ескерген орталық аурухана басшылығы хирургрия бөлімінің дәрігері Асылбек Ерзатты арнайы Алматы қаласындағы №7 қалалық ауруханаға бір айлық курсқа оқуға жіберген еді. Ерзат заманауи құрылғылармен, соңғы емдеу тәсілдері төңрегінде білікті мамандармен тың тәжірибелер алмасып, жаңа емдеу құрылғыларының жұмыс жасау жолдарымен танысып оқып, білімін көтеріп келді. Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана  өз бюджетінен қаржы бөліп травмотологиялық төсек орындарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Кешелі бері, яғни сәуір айынының 17 жұлдызынан бастап 5 адамға ота жасалып, сәтті өтті. Ендігі сәтте аудан тұрғындары бұрынғыдай Түркістан, Шымкент қалаларына аяқ артып сандалмайтын болды. Бұлда болса, МӘМС жүйесі енгізілгеннен соң, медицина саласында  болып жатқан оңды өзгерістер.

-Мен, осыдан үш жыл бұрын аяқ жілігімнің басы сынып кетіп, Шымкент қаласындағы трамотология бөліміне біршама уақыт жаттым. Өзім сонау ауданнан шалғайда орналасқан  Қыземшек кентінде тұрамын. Өндірісте ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткермін. Науқас адамға Шымкент, Түркістан қалаларына барып ұзақ жол жүру машақаты да оңай емес. Кенеттен тіземнің күлшесі сынып кетіп, аудандық  орталық ауруханадағы травмотология бөліміне жолдамамен келдім.

Өзара ақылдаса келе, тіземе дәрігерлер Бижігіт Қасымқұлов, Ерзат Асылбеков, Мұрат Бектаев сынды білікті мамандар ота жасады. Жағдайым жақсы, аудандық орталық аурухана басшылығына, оташы дәрігерлерге алғысым шексіз. Бәрінен бұрын шалғай ауыл халқына осындай мүмкіндікке себіпші болған МӘМС жүйесіне көңілім толды. Әрі ауданымызда медицина саласы мұнан да зор жетістіктерге жетеді деген ойдамын,-дейді ем алушы Молласан Әкімбаев ағамыз. 

-Ауруханада осы аптада 6  ота жасалды. Травмотологиялық төсек –орындармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне байланысты  хирургия бөлімінде ендігі кезекте  аяқ, қолы сынған, бұғанасы сынған, тізе тобығы сынған, шыққан, қабырға жарақаттарын алған науқастарға ота жасау мүмкіндігі бар. Сол себепті, МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар өзге аудан, қалаларға бармайақ жергілікті қажетті емдерін алуына болады,-дейді хирургия бөлімінің басшысы Бижігіт Жеңісұлы.

Мақсат Жеңісұлы

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
30 April
29 April