Паводки в Казахстане: вернулись в свои дома 54 389 человек

МӘМС шеңберінде туа біткен катарактасы бар балаларға ота жасалды

03 May, 18:13
1 mins read
649
МӘМС шеңберінде туа біткен катарактасы бар балаларға ота жасалды
МӘМС

Түркістан облысы бойынша соңғы 3-4 жылда туа біткен катарактасы бар пациенттер Алматы, Астана қалаларындағы республикалық клиникаларына жолданатын. Облыстық балалар ауруханасында ағымдағы жылдың  сәүір айында МӘМС жүйесі есебінен 3 науқас балаға туа біткен катаракта  бойынша ота жасалды.

Оталарды облыстық офтальмологиялық ауруханасының жоғары санатты офтальмохирург-дәрігері Марат Байғабулов жасады. Сонымен қатар, білікті дәрігер  жас мамандарға шеберлік  класс аясында дәріс өткізді.  Дәрігер науқастың бұлынғырланған көз бұршағын ультрадыбыстық аппараттың көмегімен алып, оның орнына жасанды көз бұршағын – көз ішілік линзаны (ИОЛ) имплантациялады. Балалардың отадан кейінгі көздерінің көру қабілеті  40% жоғарлады, ары қарай реабилитация жүргізіледі.

Кішкентай баланың көру қабылетін анықтау қиын болуы мүмкін. Алайда, 18 жасқа толмаған бала МӘМС жүйесінде жеңілдік санатта болғандықтан кез-келген тексеруден өту маңызды. Дер кезінде емделмеген жағдайда көру қабілетінің күрделі проблемалары дамуы мүмкін. Операциясыз ауыр катаракта соқырлыққа әкеп соқтырады.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

18 May
17 May
16 May