Сын известного Амангельды Сейтханова станет комментатором Олимпиады в Париже

МӘМС жүйесі халық денсаулығын жақсартуға септігін тигізіп келеді

19 Jun, 09:48
1 mins read
639
МӘМС жүйесі халық денсаулығын жақсартуға  септігін тигізіп келеді
МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  артықшылықтары көп. Мәселен, тиімділігі жарна төлеу көлеміне қарамастан, қымбат медициналық көмекті кез-келген адамның алуына болады. Ол халық үшін керек. Өйткені кез-келген адамның ақылы емге қаржысы жетпейді. Жүйеге қатысушыларға бар мүмкіндік жасалған. Азаматтарға тегін көмек алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу қажет. Биыл 2024 жыл дербес төлеушілер алдын ала 12 айға жарна төлеу 51 000 теңгені құрап отыр.

«Медцентр-Кентау» ЖШС емханасына 10100  халық  тіркелген. Оның ішінде,  8702  тұрғын МӘМС жүйесінде  сақтандырылған, ал 1398 жүйеге қатыса алмай отыр. Яғни, медициналық көмек қажет болған жағдайда бұл азаматтар толық ала алмайды. Әрине, шұғыл және алғашқы  медициналық көмектермен қамтылады. Түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп келе жатыр. Емханамызда МӘМС жүйесі бойынша әлеуметтік желілерде, емхана парақшаларында рилс, пост, сторис арқылы ақпарттандырулар үнемі жүріп тұрады. Әрбір учаска науқастармен үнемі байланыста болып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Медициналық көмектерге және МӘМС жүйесіне қатысты  қосымша сұрақтар бойынша Қордың бірыңғай байланыс орталығы 1414, емханадағы Call-center 8776 011 00 22  телефон нөмеріне хабарласып ақпарат алуға болады.

МӘМС жүйесінің қолданысқа еңгізілгеніне аз ғана уақыт өтсе де, халыққа өзінің тиімді жағын да көрсетіп, денсаулығын жақсартуға септігін тигізіп келеді.

/category/news
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

06 September
05 September
04 September
03 September