NewsHub.kz - Информационный хаб

МӘМС жүйесіне артылатын жүк ауыр

18 Jun, 13:08
1 mins read
535
МӘМС жүйесіне артылатын жүк ауыр
МӘМС

МӘМС жүйесінің түпкі мақсаты, идеясы жақсы, бірақ көтеріп отырған жүгі ауыр. Әрине, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл бағытта орасан көп жұмыстар жүргізілді. Пациенттер бұрын тек ақылы болған медициналық қызметтерді МӘМС есебінен ақысыз алып отыр.

МӘМС жүйесі қазіргі таңда жүйелі түрде толық жұмыс жасап жатыр. Халық денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу үшін және науқастардың емделуі үшін емханалар мен ауруханаларда толық жағдай жасалған. Аурудың алдын алуға бағытталған МӘМС жүйесі ем алуда еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Оның құрамына аурулардың алдын алуға бағытталған қызметтер, жедел жәрдем, шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек кіреді. МӘМС пакеті аясында дәрігердің қабылдауынан бастап, тексерілу және қымбат ота жасау, КТ, МРТ және басқа да түрлі зертханалық зерттеулер сынды медициналық қызметтер көрсетіледі.

 Тұрғындар МӘМС жүйесі бойынша  медициналық көмекті ақысыз алуға құқылы. Бірақ әр медициналық көмекті алу үшін, оның негізгі себептері болуы керек. Сол үшін әр азамат бірінші тұрғылықты мекенжай бойынша аумақтық дәрігеріне барады. Пациенттің жағдайына, шағымдарына байланысты МӘМС жүйесінің тізімі арқылы барлық медициналық көмек (клиникалық-диагностикалық, лабораториялық, жеке мамандар кеңесі, жоғары сапалы көмекке кіретін ем түрлері, операциялар, т.б.) қолжетімді.

Рамазан Бектурганов, Түркістан облыстық

фтизиопульмонология орталығының  басшысы

/category/news
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

06 September
05 September
04 September
03 September