Появились первые декларации чиновников — раскрыты доходы супругов

Манаш Қозыбаевтың эпистолярлық мұрасы жарық көрді

an hour ago
1 mins read
123
Манаш Қозыбаевтың эпистолярлық мұрасы жарық көрді
Фото: открытые источники

13 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде көрнекті тарихшы-ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Уақытпен сырласу. Голос эпохи в письмах» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Манаш Қозыбаев — Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, академик және ұлттық тарих ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан тұлғалардың бірі. Ол ел тарихы, ұлттық сана, тәуелсіздік және мемлекет қалыптасуы тақырыптарын терең зерттеп, қазақ тарихнамасының дамуына елеулі еңбек сіңірді.

Іс-шара барысында ғалымның ғылыми мұрасы, ел тарихын зерттеудегі еңбегі және архив құжаттарының тарихи жадыны сақтаудағы маңызы кеңінен сөз болды. Кітапта Манаш Қозыбаевтың хаттары мен архив материалдары топтастырылып, белгілі тарихшының дәуір тынысын қалай қабылдағаны көрсетіледі.

Тұсаукесерге ғалымдар, архив саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, академиктің отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар қатысушылар жинақтың жас зерттеушілер мен тарихшылар үшін құнды дереккөзі екенін атап өтті.

Жинақтың құрастырушысы — академик Манаш Қозыбаевтың ұлы, Еуразия ұлттық университетінің тарихшы-ғалымы Ильяс Қозыбаев.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
11 May