ТОО «Қайнар-АКБ» отметило полувековой юбилей

Медициналық көмек алу: пациенттер жиі кездесетін 5 жағдай және оларды шешу жолдары

28 Sep, 06:19
4 mins read
230
Медициналық көмек алу: пациенттер жиі кездесетін 5 жағдай және оларды шешу жолдары
МӘМС

1-жағдай. Сақтандыру мәртебесі болмаса, медициналық көмек көрсетілмей ме?

МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің болмауы барлық медициналық көмек ақылы болады дегенді білдірмейді.

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көмек ала алады. Оған жедел жәрдем, шұғыл және алғашқы медициналық-санитариялық көмек, вакцинация, сондай-ақ туберкулез, АИТВ, онкологиялық және басқа да әлеуметтік мәні бар аурулар мен жай-күйлерді емдеу кіреді.

Ал МӘМС пакетіне кіретін қызметтерді алу үшін «сақтандырылған» мәртебесі қажет. Жарналарды тұрақты төлеу адамның өз мәртебесін сақтауы үшін ғана маңызды емес. Бұл — ортақ жауапкершілікке негізделген бүкіл жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің кепілі. Осы жүйеде жиналған қаражат дәл қазір медициналық көмекке мұқтаж адамдардың қымбат емін төлеуге жұмсалады.

2-жағдай. Дәрігер тексеру тағайындамайды немесе жолдама бермейді

МӘМС аясында бейінді маманның кеңесіне, талдауларға немесе диагностикалық зерттеулерге жолдама алу үшін «сақтандырылған» мәртебесі қажет. Алайда пациенттер медицина қызметкерінің жолдама беруден бас тартатыны туралы жиі жазады.

Пациент өзіне талдау, компьютерлік томография (КТ), магниттік-резонанстық томография (МРТ) немесе бейінді маманның кеңесін өз бетінше тағайындай алмайды. Қосымша талдаулар мен зерттеулердің қажеттілігін емдеуші дәрігер медициналық көрсетілімдерге қарай анықтайды.

Егер пациент қосымша тексеруге мұқтаж болып, жолдама алу мәселесі шешілмесе, сол медициналық ұйымның Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгінген жөн. Бұл қызмет мәселені «осында және қазір» қағидаты бойынша, яғни тікелей сол жерде жедел шешуге көмектеседі. Оның міндеті — пациенттің өзіне тиесілі медициналық көмекті толық алуына ықпал ету.

Мәселе шешілмесе, Қордың msqory.kz ресми сайты арқылы өтініш жолдау қажет.

3-жағдай. Жолдама берілді, бірақ қабылдауға жазылу мүмкін емес

Егер дәрігер жолдама бергенімен, бейінді маманның қабылдауына немесе диагностикалық тексеруге жазылу мүмкін болмаса, емхана пациенттің қажетті қызметті басқа жерде алуын ұйымдастыруы тиіс.

Бейінді маманның жоспарлы кеңесін немесе диагностикалық зерттеуді күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Егер медициналық ұйым осы мерзімде қажетті қызметті көрсете алмаса немесе онда тиісті маман не жабдық болмаса, медициналық көрсетілімдері бар пациент бірлесіп орындау шарты бойынша осы қызметті көрсететін басқа медициналық ұйымға жіберілуі керек.

Емхананың қажетті медициналық қызметті көрсете алмауы пациентті ақылы емделуге жіберуге негіз болмайды.

4-жағдай. Медициналық қызмет үшін ақы талап етеді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 202-бабының 9-тармағына сәйкес, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті ақылы негізде ұсынуға тыйым салынады.

Пациенттен ТМККК немесе МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмек үшін ақы талап етілгені туралы әрбір өтінішті Қор қарайды. Өтінішті қарау нәтижесінде мәселенің себептерін жою бойынша Қор филиалы мен медициналық ұйым деңгейінде жұмыс жүргізіледі.

Бұзушылық расталған барлық жағдайда пациенттердің кепілдік берілген медициналық қызметтерді алу құқығын қорғау шаралары қабылданады. Ал медициналық ұйымдарға сатып алу шартының талаптарына және көрсетілген көмектің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес қаржылық ықпал ету шаралары қолданылады.

5-жағдай. Медициналық қосымшада пациент алмаған қызмет көрсетілген

Егер медициналық ақпараттық жүйенің қосымшасында өзіңіз алмаған қызмет туралы жазба байқасаңыз, алдымен сол жазбада көрсетілген медициналық ұйымға жүгінген жөн. Ұйымнан мәліметті нақтылап, деректердің дұрыстығын тексеруді сұраңыз.

Қызметтің іс жүзінде көрсетілмегені расталса, Қорға хабарласу қажет. Сондай-ақ 1414 нөмірінен өзіңіз алмаған медициналық қызмет туралы SMS-хабарлама келсе де, Қорға өтініш жолдау керек.

Қор тексеру жүргізе алуы үшін өтінішті ресми байланыс арнасы арқылы, жеке деректеріңізді көрсете отырып жіберу қажет. Өтінішке қызмет көрсетілген кезеңі мен күні, сондай-ақ жазбаны енгізген медицина қызметкері туралы мәліметтер көрінетін скриншоттарды тіркеген жөн.

Сонымен қатар Қор медициналық көмекті қаржыландыруды басқаруға арналған Qalqan бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыруда. Ол медициналық көмек көлемін жоспарлаудан бастап, қызмет ақысын төлеуге және шығындардың тиімділігін бағалауға дейінгі қаражат қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Осы цифрлық шешімдер аясында пациент көрсетілген қызметтер мен олардың төлемі туралы ақпаратты eGov Mobile қосымшасынан және Пациенттің бірыңғай жеке кабинетінен көре алады. Сондай-ақ өз атына тіркелген қызметтерді қарап, оларды алғанын растай алады және бұзушылық анықталған жағдайда өтініш жолдай алады.

Пациенттің құқығы бұзылса, қайда жүгіну керек?

Ең алдымен, өз медициналық ұйымыңыздағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгініңіз. Көптеген мәселені тікелей сол жерде шешуге болады.

Егер мәселе шешілмесе, Қордың msqory.kz ресми сайты арқылы өтініш жолдаңыз.

Өтініште көрсетілген уәждер расталса, Қор тексеру жүргізіп, заңнамада және шартта көзделген шараларды қабылдайды.

Қор үшін өтінішті тіркеу ғана емес, бұзушылықтың жойылуына және пациенттің уақтылы, қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығының қалпына келтірілуіне қол жеткізу маңызды.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
03 October
02 October
01 October