Подписан меморандум о сотрудничестве между Союзом журналистов Казахстана и турецкими СМИ

Медициналық пойыз шалғай ауылдарды аралап жүр

07 Nov, 10:29
2 mins read
220
Медициналық пойыз шалғай ауылдарды аралап жүр
МӘМС

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысының ауыл тұрғындарына тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетуді жалғастыруда.

Пойыздың кестесіне сәйкес, ол Жылға, Шеңгелді, Бадам, Игілік және Састөбе ауылдарына аялдайды:

  • Жылға – 6-8 қараша

  • Шеңгелді – 9-10 қараша

  • Бадам – 11-12 қараша

  • Игілік – 13-14 қараша

  • Састөбе – 15 қараша

Бұған дейін пойыз Екпінді, Бесарық, Шойтөбе, Күншағыр және Тимур ауылдарының тұрғындарын қабылдап үлгерді.

Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі, соның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да көмек ала алады.

Пойыз құрамында 29 дәрігер жұмыс істейді.Қызмет бағыттары: терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалдық диагностика, рентген және психология.

Кеңес беруден бөлек, тұрғындар УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия, зертханалық талдаулар және басқа да тексерулерден өте алады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер кішігірім хирургиялық операциялар жасайды.Пойыз заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және барлық санитарлық талаптарға сай.

Медициналық қызметтермен қатар, тұрғындарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері қабылдайды.Заңгерлер мен медиаторлар еңбек қатынастары, әлеуметтік төлемдер, сот және құқықтық мәселелер бойыншада  кеңес береді.

Биылғы жылы «Саламатты Қазақстан» пойызы елдің 123 елді мекенін қамтиды. Алты ай ішінде 100 мыңнан астам азамат сапалы медициналық көмек алады.Бұл – шалғай ауылдарда тұратын халық үшін ерекше мүмкіндік.Түркістан облысындағы жұмысты аяқтаған соң пойыз Жамбыл облысына бағыт алады.

Жоба 2010 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ тобының әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – Samruk-Kazyna Trust, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның серіктестігімен жүзеге асып келеді. Медициналық пойыздың өзекті кестесін www.medpoezd.kz ресми сайтынан көруге болады.

a04caa2a-04ce-40c3-9cc0-10652d9fc4fa.webp

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
07 November
06 November