Планируемая площадь посевов в 2022 году на орошаемых землях составляет 1,5 млн га

Жетісуда құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мобильді тобы заңсыз еңбекке пайдалануды алдын алуда

17 Nov 2023, 09:46
1 mins read
868
Жетісуда құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мобильді тобы заңсыз еңбекке пайдалануды алдын алуда
polisia.kz

Қазіргі уақытта топтың бағыты Ақсу ауданының аумағынан өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары елді мекендерді, шалғайдағы шаруа қожалықтары мен шалғайдағы жайылымдық жерлерді аралады. Ауыл тұрғындары арасында еңбек құлдығы мен адам саудасының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Статистикаға сүйенсек, еңбекті қанау фактілері халықтың тығыздығы ең төмен ауылдық жерлерде жиі кездеседі. Осы орайда шалғай елді мекендерде түсіндіру жұмыстарына мән берілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтары құрбан болу қаупіне ұшырайды. Әдетте, бұл туыстарымен байланысын үзген, нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар, толық емес және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан жасөспірімдер, сондай-ақ заңсыз мигранттар. Олардың оңай еңбек құлдығы мен адам саудасының құрбанына айналуына құқықтық сауатсыздық, ақпараттың жетіспеушілігі, қиын қаржылық жағдай ықпал етеді. Біздің міндеттерімізге мұндай фактілерді анықтау және алдын алу, сондай-ақ қиын жағдайға душар болған адамдарға дер кезінде көмек көрсету кіреді. Осыған ұқсас қылмыстар туралы ақпараты бар азаматтар дереу полицияға 102 дабыл желісі немесе 8 702 344 30 03, 8 (7282) 60-82-32 (ҰҚҚКБ) телефондары бойынша хабарлауы қажет.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday

Last News

10 November