

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған «Audi 80» көлігімен соқтығысуға жол берді. Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны алдын-ала анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ, 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.