Новости

ҚАЖД бастығы ТЖМ медалімен марапатталды

19 Mar, 18:39
1 mins read
242
ҚАЖД бастығы ТЖМ медалімен марапатталды
Қызылорда облысы ТЖД

ҚАЖД бастығы ТЖМ медалімен марапатталды

Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев ТЖМ ведомстволық наградасымен марапатталды.

Министрдің атынан «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін оған Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбав баланың өмірін сақтап қалу кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін табыс етті. Сондай-ақ, ол ТЖД бастығының алғыс хатымен марапатталды.

«Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 10 наурызында Қызылорда қаласында Шаймерден Есенкелдиев бассейнде суға батып кеткен жасөспірімді құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті».

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
26 April
25 April