17 правовых актов не соответствуют Конституции Казахстана

ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығы студенттерді ақылы практикаға шақырды

27 Apr 2022, 11:49
1 mins read
1397
ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығы студенттерді ақылы практикаға шақырды

Алматы. 27 сәуір. NewsHub - Студенттерді жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде тәжірибелік жұмысқа тарту салаға жас, жоғары оқу орнын бітірген мамандардың келуіне кепілдік береді, деп хабарлайды«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы».

 «Жоғары білім біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды, демек, ЖОО түлектерін кепілді жұмысқа орналастыруды білдіреді. Бұл үшін оқу орындары мен кәсіпорындар арасында тығыз өзара байланыс болу қажет».

Қазақстан Республикасы Президентінің осы сөзіне сүйене отырып, ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жол мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуге 700-ге жуық студенттер қатысты.  Мақсаты – жол саласын таңдаған студенттерді Орталыққа ақылы тәжірибеден өтуге шақыру. Жол активтері ұлттық сапа орталығы 2019 жылдан бастап студенттерді ақылы тәжірибеден өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін Орталықтан 92 студент тәжірибеден өтті. Солардың 9-ы қазіргі уақытта тұрақты негізде жұмысқа орналасты.

Орталықтың бас директоры З. Сагинов жол саласында мамандар тапшылығы байқалып отырғанын атап өтті. Бұл ретте елімізде құрылыс көлемі жыл сайын артып келеді. Студенттерді жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде тәжірибелік жұмысқа тарту салаға жас, жоғары оқу орнын бітірген мамандардың келуіне кепілдік береді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter