

Күдікті облыстық полицияға жақында түскен жедел ақпарат негізінде тексерілді. Оны жүзеге асыру барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам қала шетіндегі жеке меншік секторлардың бірінде синтетикалық есірткіні бірнеше жасырын жерге тығып жатқанда ұсталды.Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан дайын 17 бума мефедрон тәркіленді. Есірткілердің жалпы салмағы 13,19 граммды құрады.Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияда тәркіленген есірткі затының синтетикалық туындысын растайтын сараптама қорытындысы бар.