В Алматы задержаны граждане Узбекистана, не исполнившие решение суда о выдворении

Науқанның ерекше форматы: Павлодарда«Әділет» трамвайлары жолға шықты

an hour ago
2 mins read
88
Науқанның ерекше форматы: Павлодарда«Әділет» трамвайлары жолға шықты

Павлодарда «Әділет» партиясының брендіменбезендірілген жолаушылар трамвайлары қатынай бастады. Олар сайлауалды науқанының бір бөлшегіне айналып, қаланың түрлі аудандарына мыңдаған жолаушыны тасымалдайды. Партияның Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбайдың айтуынша, трамвайлар бұрыннан Павлодардың символына айналған, сондықтан да тұрғындармен жұмыс істеуге осындай формат таңдалды. 

Оның сөзінше, партия брендімен көркемделген 5 вагон бүкіл Павлодарды аралап, ең алшақ аудандарға қатынайды. Трамвай ішіндегі жолаушылар діттеген жеріне жете отырып, партияның «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасы туралы жақыннан танысып, депутаттыққа кандидаттармен сөйлесіп, өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізе алады.

Павлодар қаласының Трамвай басқармасыныңдиректоры Муслим Махмудов атағандай, трамвайлар күн сайын бес қалалық бағдар бойынша қатынап, 5 мыңға жуық жолаушыны тасымалдайды. Оның айтуынша, ADILET партиясының Трамвай басқармасындағы бастауыш партия ұйымының құрамында 500-ге жуық қызметкер бар. Бұл – кәсіпорын ұжымының жалпысанының 95 пайызы.

Брендті трамвайдың алғашқы жолаушыларының бірі әсерін бөлісті. Ол алғашында  жаңарған травайды көргенде қуанып қалған. 

«Трамвайдың жаңарған түрін көргенде, қуанып кеттім. Бұрынғыдан өңі кіріп қалған екен. Сосын ішіне кіргенде партияның өкілдерін көрдім. Олар бағдарламасы туралы айтып берді. Сұрақтарымызға жауап берді. Аяқ астынан осындай қызық болды. Олармен сөйлестік. Жылы шырайды, жағымды адамдар екен», - дейді тұрғын. 

Партияның облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Илья Теренченко атағандай, партия бренді бар трамвайлар ірі сайлауалды науқанның бір бөлігі ғана. 

Қазіргі уақытта тұрғындармен кездесулер бүкіл облыс бойынша: Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және аудан орталықтарында өтіп жатыр. Олардың басты мақсаты - халықты партия бағдарламасымен таныстыру және тұрғындардың ұсыныстарын жинау.

Жобаның таныстырылымына партияның Павлодар облыстық сайлауалды штабы өкілдері, Құрылтай депутаттығына кандидаттары, жастар қанаты белсенділері, сондай-ақ Д.Д. Махмудов атындағы Трамвай басқармасы басшылығы қатысты. 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

 

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News