Статьи

Науқасты басқа өңірге тасымалдамай, күрделі операция жасалды

Today, 06:53
1 mins read
43
Науқасты басқа өңірге тасымалдамай,  күрделі операция жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында құрсақ аортасының үлкен аневризмасына байланысты күрделі жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді.

Хирургия бөліміне 1938 жылы туған пациент іш аймағындағы қатты ауырсыну шағымымен түскен. Тексеру нәтижесінде құрсақ аортасының аневризмасы анықталған. Пациенттің жасы, аурудың күрделілігі және қосымша сырқаттары ескеріліп, оны республикалық орталыққа тасымалдау мүмкін болмаған.

Осыған байланысты Алматы және Астана қалаларындағы жетекші мамандармен телемедициналық консультациялар ұйымдастырылды. А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары Түркістанға келіп, операция жасауға қатысты.

Пациентке оның анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы стент-графт дайындалып, жеткізілді. Эндоваскулярлық әдіспен жасалған операция кезінде үлкен тілік жасалмай, арнайы құрылғы қан тамыры арқылы енгізілді.

Операция техникалық асқынусыз сәтті өтті. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, ауырсыну басылып, көрсеткіштері тұрақты. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында мұндай жоғары технологиялық операциялар 2023 жылдан бері МӘМС жүйесі аясында жүргізіліп келеді.

Түркістандық және республикалық мамандардың бірлескен жұмысының арқасында пациентті басқа өңірге тасымалдамай-ақ, қажетті жоғары технологиялық медициналық көмек Түркістанның өзінде көрсетуге мүмкіндік туды.Түркістандық және республикалық мамандардың бірлескен жұмысының арқасында пациентті басқа өңірге тасымалдамай-ақ, қажетті жоғары технологиялық медициналық көмек Түркістанның өзінде көрсетуге мүмкіндік туды.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
15 August
14 August
13 August