История текелийского пряничного производства

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялайды

06 Sep 2022, 20:18
1 mins read
3286
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялайды
НЦКДА

ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК (бұдан әрі - Орталық) БАҚ өкілдері, блогерлер арасында автомобиль жолдарының жай-күйі және олардың сапасын арттыру бойынша үздік жарияланымға байқау жариялайды. Жарияланған материалдарда Орталықтың қызметі туралы ақпарат болуы керек.

Байқауға 2022 жылғы 7 қыркүйектен 7 желтоқсанға дейін жарияланған материалдар қатыстырылады.

Конкурс төрт номинация бойынша өтеді. «Үздік телевизиялық сюжет», «Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Әлеуметтік желідегі ең үздік жазба».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Байқауға қатысушылар ұсынылған төрт номинацияның бір ғана номинациясына қатысып, Facebook, Instagram желілерінде жариялауы қажет. «Әлеуметтік желілердегі үздік жазба» номинациясына сәйкес блогерлер кемінде 5 000 жазылушысы бар әлеуметтік желідегі парақшаларында тиісті жазбаларды жариялауы керек. Байқау мерзімінің соңына дейін тақырып бойынша жазбалардың жалпы саны 5-тен кем болмауы керек.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.

4 номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.

Ұсынылған материалдарды ҚР ИИДМ «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК өкілдері, құрметті жол қызметкерлері мен БАҚ өкілдері бағалайды.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар [email protected]  электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байқау шарттарымен танысу үшін сілтеме  сілтеме арқылы өту керек: 

https://docs.google.com/document/d/17Y_Dk3dGEGZMtMDVKPeBNLIvYIKDB3-w/edit?usp=sharing&ouid=102674423548136876055&rtpof=true&sd=true&fbclid=IwAR02uczx0cM53uYzoYLGux5c1K0Na0W1jk5BDkXZQiNpFX9yoewL5mXzVNs

Байланыс телефоны:    +7 (7172) 739-739, 8 701 888 96 94, 8 771 988 33 55.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
22 April