Ерболат Досаев: Алматы как крупнейший мегаполис Казахстана уверенно двигается в фарватере цифровых трансформаций

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

30 Apr, 17:07
4 mins read
227
«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
«Samruk-Kazyna Trust»

2023 жылы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жобаны жүзеге асырса, жыл басынан бері 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырды. Қайырымдылық қызметінің қорытындылары мен алдағы міндеттерін Қордың корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары  және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева кезекті Қоғамдық кеңес отырысында таныстырды. Отырысқа қоғам өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдар басшылары, сарапшылар қатысты.

Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, әлеуметтік осал топтарды қолдау, білім, өңірлерді дамыту, мәдениет пен спорт салалары бойынша 13 өңірінде, соның ішінде «Самұрық-Қазына» компаниялары орналасқан аймақтарда жүзеге асты. Еліміз бойынша 524 мың адам көмек алды, оның ішінде 81 мыңы – ауыл тұрғындары. 400-ге тарта азамат жұмыспен қамтылды.

10 оңалту орталығы ашылып, 11 спорт кешені, 26 әмбебап спорт-ойын алаңдары салынды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасы арқылы 90 мыңға жуық ауыл тұрғындарына 1 миллионға тарта тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 23 қала мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі жұмыс істеуде. Алматы және Шығыс Қазақстан облысының 400-ге жуық ерекше балаға жазғы және күзгі инклюзивті лагерь ұйымдастырылды. Жанаөзендік 227 ауыл баласына білім беру гранттары беріліп, әлеуметтік осал топтан шыққан 15 мың бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысында алғаш рет Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртудан өтіп, креатив орталығы ретінде ашылды.

Қор ашықтық саясатын ұстана отырып, қаңтар айында«Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы 2023 жылдағы қайырымдылық қызметін қорытындылап, арнайы форум өткізіп, 300-ден астам қоғам, бизнес пен мемлекеттік органдар алдында есеп берген болатын.

Биыл Қор қайырымдылық қызметінде инклюзияға басымдық беріп отырғанын жеткізді. Инклюзивті ортаны дамыту аясында оңалту орталықтарын ашу жалғасын тауып, инклюзивті спорт кешендерін салуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылады.

Осыған дейін іске қосылған 37 оңалту орталығынан бөлек, алдағы уақытта аутизмі бар балаларға 7 орталық және 5 ерте араласу орталығы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жыл сайын 50 мың адам спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 6 инклюзивті спорт кешені ашылады.

Оңалту қызметін дамытумен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту  мәселесі жалғасын табады. 2024 жылдың алғашқы үш айында «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы компанияларға 114 ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа тұрды. Бұл Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың тапсырмасымен жүзеге асуда.  Бүгінде Қордың QSamruk.kz бос орындар платформасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы бөлім ашылып, оларға сұранысқа ие жұмыс орындары қолжетімді. «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 180 мүмкіндігі шектеулі азаматты AI, No Code әзірлеуші, UI/UX+Web маманы сияқты цифрлық мамандықтарға оқыту жобасы басталады. Оқытудан тыс, жоба аясында қатысушыларға жұмысқа орналасуына жәрдем жасалады.

«Самұрық-Қазына» бүгінгі таңда өңірлерде көптеген оңалту орталықтарын ашып, ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Алайда, біз оңалтудан өткен ерекше балалардың ары қарай болашағын ойлап, олардың қоғамда әлеуметтенуіне, еңбекпен қамтылуына да назар аударымыз керек деп ойлаймыз. Осы бағытта сұраныстағы кәсіптерге оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша бастамаларды қолға алып отырмыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қоғамдық кеңес отырысында.

Әлеуметтік саланы одан ары дамыту мен қайырымдылық жобаларымен көпшілікті қамту мақсатында Қор жыл басынан бері белді бизнес өкілдерімен серіктестікті нығайтуға кірісіп, ірі кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда.  Қазіргі таңда «Шелл Қазақстан», «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы», «Қазақмыс» кәсіпорнымен және «Қазақстан халқына» қорларымен инклюзия, спорт, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Елімізде орын алған су тасқының салдарымен күресуге «Самұрық-Қазына» қоры «Samruk-Kazyna Trust» зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге қаражат бағыттайды. «Туған елге саяхат» қайырымдылық жобасы аясында зардап шеккен өңірлерден және Қордың еншілес компаниялары қызметкерлерінің отбасыларындағы 400 бала саяхат пойызымен қамтылады.

Одан бөлек еншілес компаниялар тарапынан аймақтарға гуманитарлық көмек, арнайы техника жіберіліп, азаматтарды тасымалдау, волонтерлік көмек сияқты қосымша шаралар қабылданды.

Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар Қордың қайырымдылық қызметіне қатысты пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
17 May
16 May