Крупнейшие нефтяные компании проиграли арбитраж правительству Казахстана по Карачаганаку – Bloomberg

Кәмелетке толмағандармен жасалатын және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу шаралары ата-аналарымен талқыланды

28 Nov 2023, 11:51
1 mins read
951
Кәмелетке толмағандармен жасалатын және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу шаралары ата-аналарымен талқыланды
ДП области Жетісу

Аталған іс шараға жүзге жуық ата-ана, сонымен қатар мұғалімдер, наркологтар, «Аманат» партиясының мүшелері, психологтар мен аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.Оқушылардың ата-аналарымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, атап айтқанда жыныстық қол сұғылмаушылықтың, бопсалаудың, нашақорлықтың, электронды темекі мен энергетикалық сусындардың зияны, бұзақылық және басқа да қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімді көшенің келеңсіз ықпалынан сақтай отырып, тұлға болып қалыптасуындағы отбасының рөліне ерекше көңіл бөлінеді. Балаларына мінез-құлық нормаларын түсіндіру ата-ананың басты міндеті екенін және бұл жерде оқытудың ең сауатты әдісі ата-ананың жеке үлгісі болып табылатынын еске салдық. Қорытындылай келе, тәртіп сақшылары балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі ата-аналар мен құқық қорғау органдарының ортақ міндеті екенін атап өтті.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 November