Сроки охоты на сайгаков определены в Казахстане

Облыста алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды

Yesterday, 04:58
1 mins read
176
Облыста алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашқан алғашқы бауыр трансплантациясы отасы өтті. МӘМС есебінен жасалған отаға профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандары және жергілікті аурухананың жоғары білікті дәрігерлері қатысты.

Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды.

Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Сахавитдинова Эльвира жан-жақты медициналық тексеруден өтті.

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
20 February
19 February