Ситуация в Костанайской области находится под контролем - Токаев

Талдықорғанда кезекті есірткі сататын нүкте жойылды

21 Mar 2023, 12:15
1 mins read
1065
Талдықорғанда кезекті есірткі сататын нүкте жойылды

Талдықорғанда облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлерінің күшімен синтетикалық есірткіні сақтау орны жойылды. 107,89 грамм «@PvP-пирролидиновалерофенон» есірткісі заңсыз айналымнан алынды, ол көбіне «жылдамдық» деген атпен танымал.

 

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтады деген күдік бойынша Талдықорғанда жалға алынған пәтерде уақытша тұрып жатқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

 

«Бұл жас бойжеткен қыз, оны ұстаған есірткінің екі пакеті табылды. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізіліп, оның барысында «синтетиканың» барлық партиясы, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған арнайы пакеттер тәркіленді. Қазір есірткінің қайдан алынғаны және іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», – деді Жетісу облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

 

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізілуде, ұсталған қызға қатысты «ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
10 September
09 September