

21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді. Оқиға орнында 35 жастағы әйел жолаушы қаза тапты. ЖКО-ның тағы екі қатысушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу амалдары басталды.Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар. Егер Сіз ұзақ сапарға шықсаңыз, сапар алдында жақсылап демалыңыз. Көлікті жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.