Пресс-конференция участников рынка платежных организаций

ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ: «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫЛАРЫ» КІМДЕР?

ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ: «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫЛАРЫ» КІМДЕР?

Қазақстанның ең ауқымды зияткерлік жобаларының бірі - «XXI ғасыр көшбасшысы» биылғы маусымын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтады. Жоба аясында еліміздің әр түкпірінен суырылып шыққан 106 дарынды оқушы өзара бақ сынасты. Мыңдаған үміткердің арасынан үздік шыққандар ақтық сында бас қосып ең мықтысы анықталды. 

​Биылғы жобаның жеңімпаздары - Нұрай Нұртаза (Түркістан облысы), Бекзат Балтамаш (Түркістан облысы) және Серік Нұрдәулет (Батыс Қазақстан облысы). Терең білімі, көшбасшылық қабілеті, табандылығы үшін еліміздің жетекші жоғары оқу орындары -Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Maqsut Narikbayev University и Satbayev University білім гранттарын табыстады.

Финал нағыз білім мен зерденің сайысына айналды. Бұл кезеңде әрбір қатысушының дайындығы, ойлау қабілеті және жинақылығы сынға түсті. Жүлделі екінші орынды Серік Жансен (Ақтөбе облысы), Меруерт Қали(Ұлытау облысы) мен Алдияр Жұмаш (Павлодар облысы) жеңіп алды. Тынымсыз еңбегі,  көрсеткен жақсы нәтижелері үшін «Хабар» Агенттігі 150 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыстады.

Айта кетейік, биылғы маусым - «Хабар» Агенттігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының серіктестігімен өтті. Оған сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мәжіліс те қолдау білдірді.

Жоба шеңберінде 22 телебағдарлама көрерменге жол тартты. Олардың қатарында үш жартылай финал мен ақтық сын да бар. Әр шығарылым төрт кезеңнен тұрды, онда қатысушылар тарих, қазақ әдебиеті, физика, химия, информатика, алгебра, геометрия секілді негізгі пәндерден сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, логикалық тапсырмаларды да орындады.

«Бұл жоба жастардың білімге деген ынтасын арттырып, олардың ішкі әлеуетін ашты. Білім мен табандылық - табысқа апарар басты жол екенін тағы бір дәлелдеді. «XXI ғасыр көшбасшысы» - жаңа буынды тәрбиелейтін маңызды алаңға айналды», - деді жобаның продюсері Гүлім Тұрлыкиева.

Алда жаңа белестер, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Күзгі маусымның қатысушыларын іріктеу алдағы уақытта басталады. «Хабар» Агенттігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларын бақылап отырыңыз. Бұл маусымнан да ерекше әсер, жаңа есімдер мен тың жаңалықтар күтіңіздер.

 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday