Press releases

Ордабасыда МӘМС аясында шұғыл операция жасалды

11 Aug, 13:17
1 mins read
830
Ордабасыда МӘМС аясында шұғыл операция жасалды
МӘМС

Ордабасы аудандық орталық ауруханасына 45 жастағы науқас өткір іштің ұстама тәрізді ауырсынуымен жеткізілді.

Кезекші дәрігер және жауапты хирургтар бірлескен тексеру жүргізіп, науқасқа жедел странгуляциялық тоқ ішек өтімсіздігі диагнозы қойылды. Науқастың өміріне қауіп төнгендіктен, шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізіліп, лапаротомиялық отасы  жүргізілді.

Ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында тегін жасалды. Операция жоғары деңгейде, қазіргі медициналық стандарттарға сай орындалды.

Білікті хирургтар мен анестезиологтардың кәсіби жұмысының арқасында науқастың жағдайы тұрақталып, қалпына келу кезеңіне өтті.

Бұл жағдай – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында аудан тұрғындарына заманауи, жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімді екенін дәлелдейді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

22 August