Землетрясение произошло в 255 км от Алматы

Пациентті қолдау қызметі дұрыс жолға қойылған

25 Apr, 17:12
3 mins read
349
Пациентті қолдау қызметі дұрыс жолға қойылған
МӘМС

МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасайтын мекемелердің бірі – Кентау қалалық емханасы. Жүйе енгізілгелі бері медициналық ұйымдағы қызмет сапасы, құрал-жабдықпен қамту мәселесі және басқада сұрақтар бойынша емхананың бас дәрігері Мырзабеков Ғани Бақтиярұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

-Ғани Бақтиярұлы, емхананың жұмыс барысына тоқталсаңыз...

-Кентау қалалық емханасы 2020 жылы қолданысқа берілген. Аусымда 500 адамды қабылдай алатын типтік жобада салынған ғимарат.Емханада профилактикалық , жалпы тәжірибелі дәрігер, балалар, әйелдер кеңес беру бөлімі, бейінді мамандар бөлімі, 4 санатты медициналық жедел жәрдем бөлімі, жастар орталығы, оңалту орталығы, сәулелі диагностика бөлімдері бар.

-МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін, емханада көрсетілген  қандай қызметтерге  қаржыландыру артты?

-Ия, қазіргі таңда  сақтандыру  мәртебесі бар науқастарға клиникалық хаттамаларға сәйкес кез келген диагностикалық аспаптық- лабараториялық және қымбат зерттеулерден  тегін өтіп жатыр. Сонымен қатар, кез – келген аурханаларға жоспарлы түрде ем алады, медициналық қызмет түрі қымбат төленетін аурулар да  тегін ота жасатып ем қабылдайды. Биылғы жылға радиожиілік катетерінің абляциясы (РЧА)  диагнозы бойынша 57 адамға жоғарғы техникалық медициналық  ота жасалды. Ота жасатып келген бір науқастың жағдайы жақсы, отбасы ортасына оралды.

-Жалпы, ауруды алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға байланысты қандай жұмыстар жасалып жатыр?

-Жыл сайын  ҚР ДСМ 174/2020 жылғы бұйрығы негізінде халықтың нысаналы топтағы азаматтардың скринингтік тексеруден өткізіп, анықталған аурулар бойынша бақылауға алып, жергілікті  және облыстық деңгейде емдеу шаралары  жүргізіліп  жатыр. Емхананың  салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің мамандары тұрғындар арасында және әлеуметтік желілерде ауруларды алдын алуға қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп жатыр. Жалпы,  55 543 адамды скринингтен өткізу жоспарланды. Анықтлаған ауруларға толық профилактикалық іс-шара жүргізіп, қажет болса, облыс, республика деңгейінде емдеуге жолдайтын боламыз.

-Медициналық мекемені  құрал-жабдықпен қамту мәселесіне көңіл бөлінді ма?

-Облыстық  денсауылқ  сақтау  басқармасының тапсырысы бойынша медициналық мекемені құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету кезең – кезеңімен жүргізіледі. Емхананы медициналық құрал – жабдықпен қамту 89-90 пайызды құрайды. Өткен жылы эксперттік класс УДЗ аппараты қолданысқа беріліп, халық игілігін көріп жатыр. Ал биылғы жылға фиброгастроскопты  алу жоспарланып отыр.

-Медициналық  ұйымда қажетті медициналық қызмет болмаса пациент не істеуі  керек?

-Медициналық мекемеде қажетті медициналық қызмет болмаған жағдайда қалада немесе облыс орталығында орналасқан мекемелерге сақтандыру мәртебесі бар азаматтарға жолдама арқылы қызмет түрі көрсетіледі.

-Шалғай ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр?

-Шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек түрі ең бірінші аймақтық дәрігеріне қаралып ем қабылдайды. Бейінді мамандардың кеңесі қажет болған жағдайда ауыл халқына жоспарлы бейінді мамандардың кеңесін алу үшін кесте құрылған егерде кезек күттірмейтін жағдай орын алып жатса жедел медициналық жәрдем көмегімен ауруханаға келіп тексеруден  өтеді. Емханада  ай сайын бейінді мамандардың кеңесіне ашық есік күндері ұйымдастырылады, дәрігерлер тоқсан сайын әр ауылға медициналық кеңес беруге барады.

- Пациентті қолдау қызметі қандай жұмыс атқарады?

- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес, 03.01.2024ж №7 н/қ бұйрығымен пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі комиссиясы құрылып, құрамындағы жауапты мүшелер бекітілген. Осы бұйрық негізінде комиссия отырысы алдын ала жоспарланып, айына бір рет күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, осы бұйрықтың қосымшаларындағы өзін-өзі бағалау критерилері бойынша жасалған мониторниг нәтижесінде талдау жасап, емхана қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен жеткен жетістіктеріне, көрсеткіштеріне талдау жасалады.

Пациенттерді қолдау орталығына емханаға қатысты пациенттерден түскен шағымдардың барлығы қаралып, уақытылы шешімін тауып отырады. Емхана тарапынан көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында, емханада дәрігер қабылдауына келген пациенттермен сұхбат жүргізіліп, пациенттердің өтініштерімен, ұсыныстары қаралады.

Емхана қызметкерлеріне этика және деонтология, пациентке бағытталған медицина, пациентпен тиімді қарым-қатынас бойынша түсіндіру  жұмыстары жүргізіледі.

Пациенттерді қолдау орталығының басты міндеті - медициналық көмек көрсету барысындағы олқылықтардың, туындаған арыз шағымдардың, өтініш пен ұсыныстардың мән-жайын анықтау, ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің қолжетімділігі, медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да мәселелер қаралып, уақытылы шешімін табуына ықпал етеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
03 May