

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
2023 жылғы ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмысы қорытындыланды
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел кеңес өткізілді.
Жедел кеңестің тақырыбы: «2023 жылғы ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмысты қорытындылау».
Алғашқы баяндаманы департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.Ибрагимов оқыды. Тақырыбы: «2023 жылғы ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмыс нәтижесі және алға қойған міндеттер».
Н.Ибрагимов: «Биылғы 9 айда өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 413 объекті тексерілді. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 439 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2 млн 415 мың теңге айыппұл салынды. Есепті мерзімде облыс бойынша 354 өрт оқиғасы орын алды. 6 адам жарақат алды, 6 адам қаза болды...»
Одан соң 2023 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмысы бойынша Заң тобының бас маманы С. Әбсадықов баяндады. Сонымен бірге «Қызметтік тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы» Департамент бастығының орынбасары - Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Түйменов баяндама жасады.
Жедел кеңестің қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Аталмыш жедел кеңесті оның төрағасы Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Р.Қайрақбаев қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД