Президент Касым-Жомарт Токаев посетил Казанский Кремль

Жетісу облысында полицейлер браконьерлер тобын құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді

10 Nov 2023, 13:03
1 mins read
1117
Жетісу облысында полицейлер браконьерлер тобын құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді
ДП области Жетісу

Тәртіп сақшыларының іс-әрекеттері прокуратура органдарының үйлестіруімен және «Браконьер» республикалық іс-шара шеңберінде жүргізілуде.Кең ауқымды жедел шаралар Сарқан және Қаратал аудандарының аумағында өткізіліп, өңірдің балық ресурстарын заңсыз өндіруді және оларды бүкіл ел бойынша сатуды жүзеге асыратын браконьерлер тобының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған. Нәтижесінде құқық қорғау органдары браконьерлікке күдікті 30 адамды ұстады, олардың әрқайсысы қылмыстық топта өз рөлін атқарды – ұйымдастырушылар, браконьерлер, сатып алушылар және тасымалдаушылар. Ұсталғандардың 4-і қамауға алынды.Заңсыз айналымнан 38 атыс қаруы алынып, оның 15-і тіркелмеген болып шықты. Олардың арасында тапаншалар, аңшылық мылтықтар және 450 оқ-дәрілер бар. Сондай-ақ, әрқайсысының ұзындығы 80-120 метр болатын 210 балық аулау торы, ілгектер, моторлы қайықтар және басқа да түрлі жүзу құралдары, 51 тоннадан астам балық тәркіленді, олар бойынша алдын ала залал 278 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, әртүрлі діни әдебиеттер тәркіленді.«Браконьер» іс-шарасы жалғасуда. Облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасы бойынша бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған мобильді топтар жұмыс істеуде.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
08 November
07 November
06 November