Что сказал о Казахстане Папа Римский

Талдықорғанда полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарды

02 May 2023, 06:03
1 mins read
1303
Талдықорғанда полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарды

1 мамыр күні таңертең «102» арнасына жас келіншек көпірден Қаратал өзеніне секірмек болды деген хабарлама келіп түсті.

 

Жақын маңда жүрген Дамир Анаятов пен Ержан Жасұланұлы құрамындағы патрульдік экипаж, сондай-ақ жергілікті учаскелік инспектор Мұрат Сарыбаев оқиға орнына дереу келді. Сондай-ақ сол жерде өтіп бара жатқан ер адам тәртіп сақшыларына көпірдің астындағы құбырларға ілініп қалған қызды шығаруға көмектесті.

 

Құтқарылған қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, оған медициналық көмек қажет болмады. Полиция қызметкерлері бойжеткен қызбен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін туыстарына тапсырды. Бұндай іс-әрекетке барудың себебі анықталуда.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
10 September
09 September