

Материалдық-техникалық базаның, арнайы техниканың жасақталуы мен жай-күйіне, сондай-ақ автожолдарды себуге арналған инертті материалдың болуына ерекше назар аударылды.«Қысқы кезеңде жол төсеміне қызмет көрсету жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Барлық арнайы техниканы және оның қарлы жолдарды тазартуға дайындығын алдын-ала тексеру қажет. Жақын арада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның күтілуіне байланысты, жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді ауыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз»,- деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.Өңірде автожолдарға қысқа қажетті 436 бірлік арнайы техника, сондай-ақ 17 мың тоннадан астам құм және 1500 тоннаға жуық тұз дайындалғаны нақтыланды.