

Қалалық полиция тергеу күдіктінің айласына түсіп қалған 66 жастағы жергілікті тұрғынның мәлімдемесіне сәйкес жүргізіліп жатқанын нақтылады. Қарт адам өзінің ұялы телефонын жас жігітке берген кезде 4,5 млн теңгеден айырылғанын, ол ақшалай несие рәсімдеу үшін пайдаланғанын айтты. Тергеу кезінде ұсталған адамға қатысты «келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, алайда күдікті тергеу органдарынан қашып кеткен. Нәтижесінде, іздеуге жарияланған адам Алматыда ұсталып, қамауға алынды. Жақын күндері оны Талдықорғанға жеткізу жоспарланып отыр. Ұсталған адамның бұрын осындай құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және сот шешімімен 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілгені анықталды.