Новая ТЭЦ в Кызылорде вышла на круглосуточную генерацию энергии

Жетісу полициясы автожолдарды тиісті күтіп ұстау жөніндегі талаптарды елемегені үшін 249 лауазымды тұлғаны жазалады

20 Dec 2023, 13:04
1 mins read
881
Жетісу полициясы автожолдарды тиісті күтіп ұстау жөніндегі талаптарды елемегені үшін 249 лауазымды тұлғаны жазалады
dorogi-onf.ru

Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдар тексеруден өтеді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 249 лауазымды тұлға жалпы сомасы 8 590 500 теңгеден астам айыппұл санкцияларын сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланды. Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде 2081 жол белгісі, 24 бағдаршам нысаны, 24 билборд, 92 өнеркәсіптік өндірістегі жасанды тегіс еместіктер орнатылды. Сондай-ақ, 6,9 км көше жарығы және 45,4 км тротуар жолы жабдықталған.«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларын алдын алу мәселелері полицияның тұрақты бақылауында. Айталық, бірқатар аудандарда апатты-қауіпті учаскелерге 18 муляж бейнекамера мен 36 жол белгісін орнату туралы шешім қабылданды. Бұл жүргізушілерді тәртіпті болуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыру үшін жасалады»,– деп атап өтті өңірдің әкімшілік полиция басқармасында.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday

Last News

10 November