120 человек тушат пожар на свалке под Алматы

Алматы облысының кәсіпкерлері өңірлік бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынуда

27 Aug 2022, 16:24
1 mins read
1292
Алматы облысының кәсіпкерлері өңірлік бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынуда
НПП Алматинской Области

Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті дамытудың өңірлік стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Бұл туралы бизнес өкілдері Қонаев қаласында Алматы облысының Өңірлік кеңес мүшелерінің "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековпен өткен кездесуі барысында айтты.

Өңірлік кеңес мүшелерінің пікірінше, облыстағы бизнесті дамыту мақсатында бірыңғай, әрі тиімді стратегия әзірлеу уақыты келді. Бағдарламаны мемлекеттік органдармен бірлесе іске асыру жолдарын да дайындау қажет. Сондықтан бизнес өкілдерінің мәселелерді жүйелі шешу бойынша нақты ұсыныстары бар.

Сондай-ақ отырыста мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, фармацевтикалық және сауда қызметі, тауарларды таңбалау, жер қойнауын пайдалану, салық салу салаларындағы 20-ға жуық мәселе қозғалды. Кәсіпкерлер жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, суару арналарының болмауы, бас жоспарлардың қолжетімді болмауы және т.б. сұрақтарды көтерді.

Жеке білім беру өкілдерінің айтуынша, облыс деңгейінде мектеп құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру қиын. Себебі өңірде жер телімдерін алу және нысандарды заңдастыру оңай емес.

Өз кезегінде ҰКП басшысының орынбасары Тимур Нақыпбеков Үкіметте бизнес мәселелерін талқылау үшін диалог алаңы құрылғанын, онда "Атамекен" мемлекеттік органдар деңгейінде шешуді талап ететін өзекті және жүйелі проблемаларды көтеретінін жеткізді.

Кездесуді қорытындылай келе, кәсіпкерлер облыста бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
16 April