Региональные карты потребностей в специалистах планируют создать в Казахстане

Өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді

19 Mar, 16:02
2 mins read
294
Өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Бүгін – 2024 жылғы 19 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы залында брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі.

Спикер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы.

А. Оразбеков: «Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 77 өрт оқиғасы орын алды, өрт оқиғасынан 3 адам қаза болды, 1 адам жарақат алды. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторларында орын алған.

Өрт оқиғалары көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауынан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдырудан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан пайда болуда.

Өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер ұдайы өткізілуде. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен «Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі» тақырыбында 8 рет дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Ұйым қызметкерлеріне 75 рет дәріс оқылды. Білім беру ұйымдарында 83 рет ашық сабақ және интерактивті сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінде 20 рет экскурсия ұйымдастырылды.

Өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы кеңінен насихаттау мақсатында «Kundelik.kz» платформасына қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар енгізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, хостелдер мен жатақханаларда «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Облыс аумағындағы ірі сауда орталықтарында 5 рет өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде: департаменттің ресми парақшаларында өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ақпараттар ұдайы жарияланды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдырмаңыз;

Ақауы бар электр жабдықтарын, газ пештерін, газ жабдықтарын қолданбаңыз;

Ғимарат пен тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, белгіленбеген орындарда темекі шекпеңіз, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыз!».

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
25 April
24 April