Пресс-релизы

Үштөбеде мас күйінде көлік ұрлаған адам ұсталып, жауапқа тартылуда

11 Apr 2023, 14:02
1 mins read
1698
Үштөбеде мас күйінде көлік ұрлаған адам ұсталып, жауапқа тартылуда
kzvesti.kz

Сәуірдің 10-нан 11-іне қараған түні Үштөбе қаласында мас күйінде жергілікті такси жүргізушісінің «Audi 100» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен 37 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыскер көліктің иесі жол жиегіне есігін құлыптамай қойып кеткенін пайдаланған.

Ұрланған көлікті іздеп-табуға такси жүргізушілері көмектесті, олар іздеуде жүрген шетелдік көлікті байқап қалып, өздерінің WhatsApp тобында орналасқан жерін көрсеткен.

Ұсталған кезде автокөлікті айдап әкетуші көлікті тастай сала, жеке үйлердің аулалары арқылы полицейлерден қашып, жасырынбақ болған. Медициналық сараптамаға сәйкес ер адам масаң күйде болған. Көлікті айдап кету фактісі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

10 September
09 September