Токаев посетит Москву с рабочим визитом

Қор мен кәсіпкерлер палатасы медициналық қызмет мәселелерін талқылады

5 hours ago
2 mins read
111
Қор мен кәсіпкерлер палатасы медициналық қызмет  мәселелерін талқылады
МӘМС

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Жиында «Қайнар Дент» ЖШС және «Медикал центр» ЖШС бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері және медициналық қызметтерге төленген қаражатқа қатысты мәселелер қаралды.

a27f75c0-82f7-4562-8214-2c39055555c1.webp

Отырыста «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Б. Тілектес Қордың орталық аппараты мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хаттары негізінде 100-ден астам медициналық ұйымға жоспардан тыс мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

Мониторинг барысында стоматологиялық қызметтерді көрсету және оларды төлемге ұсыну тәртібіне де назар аударылды.

Қор филиалының бас сарапшысы Г.Нахыпбекованың айтуынша, қолданыстағы тарифтерге сәйкес 3–5 жас аралығындағы балалардың уақытша тістерінің пульпитін емдеу қызметі қарастырылған. Алайда мониторинг кезінде стоматологиялық орталықта 7 жастан асқан балаларға да осындай қызмет көрсетілгені анықталған.

Мамандардың түсіндіруінше, әр жастағы пациентке көрсетілетін стоматологиялық қызмет тиісті медициналық қызмет кодымен рәсімделуі қажет. Бұл ретте медициналық көмек қолданыстағы клиникалық талаптарға сәйкес көрсетілуі тиіс.

Егер медициналық қызмет белгіленген талаптарға сәйкес келмей төлемге ұсынылса, Қор оны ақау ретінде бағалап, қолданыстағы тәртіпке сәйкес экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.

Отырыс барысында медициналық ұйымдарға қызметтерді дұрыс рәсімдеу, қолданыстағы талаптарды сақтау және медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, МӘМС жүйесіне қатысу және төлем тәртібі түсіндірілді.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
12 August
11 August