В Алматы рассматривают строительство новых линий метро и запуск LRT

Жетісу облысында туризмді дамыту басым бағыттардың бірі

03 Nov 2022, 08:55
1 mins read
1376
Жетісу облысында туризмді дамыту басым бағыттардың бірі

Жетісу облысында туризмді дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Бүгін облыстық Кәсіпкерлер палатасында онлайн форматта ZOOM платформасында Қазақстандағы Орталық Азия Университетінің өкілі және Текелі қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Райхан Сисекенованың қатысуымен туризм саласына бағытталған кездесу өтті.

Кездесуге туризм саласының мамандары ғана емес, сонымен қатар шағын бизнес өкілдері, Жетісу өңірінің қоғам қайраткерлері де қатысты.

Университет оқулық курстар өткізеді, туризм саласындағы жобаларды, Орталық Азияда тәжірибеден өтетін тегін дәрістерді іске асырады. Бұл туралы кездесу аясында айтылды. Сондай-ақ, отбасылық, әлеуметтік, жастар туризмі, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі адамдар туризмі тақырыптары қозғалды.

Қатысушылар сындарлы диалог барысында өз пікірлерін, ойларын білдіріп, ұсыныстар енгізді, сондай-ақ толғандыратын барлық сұрақтарға жауап алды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
12 September
11 September
10 September
09 September