В Павлодаре энергокомпания подозревается в нарушениях на 583 млн тенге

Талдықорғанда жеті автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

27 Apr 2023, 09:51
1 mins read
947
Талдықорғанда жеті автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Талдықорған полицейлері «Автобус» профилактикалық іс-шараның алғашқы күні қоғамдық көліктің 7 жүргізушісін жауапкершілікке тартты. ҚР Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін екі автобус айыппұл тұрағына орналастырылды.

 

Анықталған бұзушылықтардың қатарына тиісті рұқсатсыз көлікті қайта жабдықтау, міндетті техникалық байқаудың жоқ болуы, жүргізушілер автобусты басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы және басқа да құқық бұзушылықтар жатады.

 

Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың біреуі де жауапкершілікке тартылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, облыста профилактикалық сипатқа ие және жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» (26-28 сәуір аралығында) профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
13 September
12 September
11 September