Telegram заблокировал канал ХАМАС для Android и Apple

Талдықорғандық алаяқ Қарағанды облысының алты тұрғынын алдағаны анықталды

20 Feb 2023, 12:42
1 mins read
1030
Талдықорғандық алаяқ Қарағанды облысының алты тұрғынын алдағаны анықталды

Полиция бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 22-жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу материалдарында жәбірленушілер ретінде Қарағанды облысының 6 тұрғыны бар, олар жалпы 13 млн. теңгеге жуық ақшалай жинақтарынан айырылған.

 

Алаяқтықтың барлық эпизодтары ақшалай несиелеумен байланысты.

 

«Күдікті, өзі арқылы тауар несиесін ресімдеп, оларға керемет бонустар уәде еткені белгілі болды. Яғни, несие сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым бонустар да көп болады деп. Олардан ақша аударымдары түскеннен кейін, іс жүзінде тауарларды ресімдеген және сатып алған, содан кейін ол өз бетінше тауарларды сатқан. Клиенттерді табуға оның танысы көмектескен, ол өзі де алаяқтықтың құрбаны болған», - деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов.

 

Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес жүргізіледі.

 

Полиция жинаған ақшаларыңызды бейтаныс адамдарға сеніп, тапсыруға болмайтыны туралы ескертеді, олардың арасында алаяқтар болуы мүмкін.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
12 September
11 September
10 September
09 September