

Бұл факт Жаркент қаласында тіркелді, онда 6 сәуірде аудандық полицияға «Мазда-626» көлігі ұрланғаны туралы хабарланды. Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, көлікті айдап кеткен.
Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып алып, заңды иесіне қайтарды.
Күдікті, жәбірленуші сияқты, білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабына сәйкес жүргізілуде.